Жыл басынан бері жергілікті шаруалар шетелге 2 миллион тонна өнім сатқан, деп хабарлайды 24kz.
Оның басым бөлігі Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан нарығына шығарылды. Сонымен бірге бес жылдық үзілістен кейін Әзербайжан мен Грузия бағытындағы тасымалдар қайта жанданды. Қазір аймақта орақ науқанының қызған шағы. Диқандар ауа райы қолайлы болса, 6 миллион тонна астықты қамбаға құюды көздеп отыр.
Ренат Қасенов, Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
- Биыл алғаш рет Марокко және Вьетнамға астық экспортын бастадық. Мысалы қазір Мароккоға 18 мың тонна, ал Вьетнамға 14 мың тонна бидай жөнелтілді. Одан қалды Италиядан сұраныс бар.
Тегтер #Ақмола облысы #астық экспорты #шаруалар #ауыл шаруашылығы #астықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz