RU
Толық нұсқаға өту

Павлодар облысында 100 инвестжоба жүзеге асады

29.08.2025, 07:48 442

Павлодар облысында алдағы 7 жылда 100 инвестициялық жоба жүзеге асады.  

Өңірдің өндірістік әлеуеті артып, жұмыс орындары ашылады. Ел Президенті өз  Жолдауында экономиканы дамыту жолында инвестиция тартудың маңыздылығына тоқталған еді.  Бұл бағытта инвесторларды Павлодар облысының  географиялық орналасуы мен дамыған инфрақұрылымы қызықтырады. 

Павлодар облысында 2032 жылға дейін 100 инвестициялық жоба жүзеге асады. Шамамен 13 мыңдай жұмыс орыны ашылады деген жоспар бар. Жаңа жобалар энергетика, химия өнеркәсібі мен  машина жасау салаларына тың серпін береді, дейді жауаптылар.   

Дархан Ермағамбетов, облыстық индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:

- Облысқа жеті айда жарты триллион теңгенің инвестициясы құйылды. Жылдың қортындысы шыққанда көрсеткіш былтырғы жылдан асып түсетінін бағамдап отырмыз. Бүгінгі таңда жүзден астам инвестициялық жобамен жұмыс істем жатырмыз. Жоспар бойынша биыл шамамен 20-25 жоба қолданысқа енуі тиіс.    

Өңірде бизнестің дамуына да қолайлы жағдай жасалып жатыр. Салықтық жеңілдіктер мен  дамыған инфрақұрылым арқылы инвесторларды тартуға мүмкіндік бар. Мысалы, жақында ашылған мына кәсіпорынды тиімді жоба деуге болады. Теміржол, энергетика, металлургия, өңдеу өнеркәсібі, мұнай-газ секторына қажетті  бұйымдар жасайтын зауыт құрылысына  17 млрд теңге инвестиция тартылды. 

Сағыныш Нұркімбаев, зауыт директоры:

- Біздің кәсіпорын “Павлодар” арнайы экономикалық аймағында орналасқан. Бұл жерде кедендік және салықтық жеңілдіктер қарастырылған. Барлық инфрақұрылым бар. Келешекте өндіріс ауқымын кеңейтуді көздеп отырмыз. 

Өңірге инвестиция тарту жалғаса береді. Инвесторлардың Павлодар облысын таңдауы тегін емес. Шикізат қорына бай өңір. Бизнесті өркендетуге қолайлы жағдай  бар. 

Қарлығаш Қасиетова, Дәулет Қошқарбаев, Марат Игіліков

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz