RU
Толық нұсқаға өту

Президент: «Қытай – Еуропа» дәлізінің жүк өткізу мүмкіндігі 5 есе артады

02.09.2025, 11:21 301

Біздің ел аумағы арқылы өтетін «Қытай – Еуропа» дәлізінің жүк өткізу мүмкіндігі 5 есе артады, деп хабарлайды 24kz.

Бұл жайында бүгін Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің 8-ші отырысы барысында Президент мәлімдеді. Мемлекет басшысы қазір еліміз «Бір белдеу, бір жол» бастамасына белсенді қатысып отырғанын жеткізді. Бүгінде Қытай мен Еуропа арасындағы жүктің 85%-і Қазақстан арқылы өтеді. Биыл «Достық – Мойынты» темір жолының екінші желісі іске қосылып, транзиттік тасымал айтарлықтай өседі. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий бағыты да дамып жатқанын айтты. Былтыр бұл жолмен 4,5 миллион тонна жүк тасымалданды. Ендігі мақсат оны 10 миллион тоннаға дейін жеткізу. Президенттің сөзінше, Ляньюньган портындағы бірлескен терминал мен Сианьдағы құрғақ порт сияқты ірі жобалар іске қосылды. Сондықтан Қытай компаниялары үшін көлік-транзит саласында жаңа мүмкіндіктер ашық.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz