Инвестицияны қайырып, логистиканы сөз етсек.
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы 13 пайызға артты. Былтыр 13 млн тонна болатын өнім шекара асса, 3 млн тонна жүк елге кіргізілді. Ал қазақ даласы арқылы 15 млн тонна транзиттік тасымал ұйымдастырылды. Сол секілді туризм түлеп, барыс-келіс белең алды.
Шернияз Жалғасбекұлы, тілші:
- Қазақ пен Қытай. Ежелден елі етене, жері жапсарлас жатқан қос халық. Қазірде де Қазақстан мен Қытай қатынасы қарқын алып, алыс-беріс те, барыс-келіс те артып келеді. Айтайық, былтыр арада 32 млн тонна жүк тасымалданды. Ал биылғы жеті айдың өзінде 20 млн тонна жүк жеткізілді.
2024 жылы - 32 млн тонна
2025 жылы (Қаңтар-шілде) - 20 млн тонна
Әсіресе, арада әуе қатынасы қарқын алып келеді. Айтайық, былтыр шығыстағы көршілерімізге апта сайын 13 бағыт бойынша 74 рейс қатынайтын еді. Биыл бұл көрсеткіш 15 бағыт, 83 рейске артты.
2024 жылы - 13 бағыт, 74 рейс
2025 жылы - 15 бағыт, 83 рейс
Ләззат Стамғазиева, ҚР Көлік министрлігінің ресми өкілі:
- Қытай мен Қазақстан арасында шексіз түрде әуе рейстерін орындауға барлық мүмкіндік жасалған. Яғни авиациялық билік өкілдері сондай келісімге келген. негізі максималды түрде аптасына 125 рейске дейін жеткізуге болады. ҚХР визасыз режимде болғандықтан әрине сұраныс артады. Сондықтан біздер рейс санын едәуір арттырып жатырмыз. Ол рейстердің көбі бас қалалар арасында. Гуанчжоуға, Пекинге, Қытайдың бас қалаларына рейстер көптеп орындалады.
Айтайық, арадағы қатынасты 6 әуе компаниясы үйлестіреді. Оның үшіеуі қазақстандық, қалғаны қытайдыкі. Алда жаңа тасымалдаушылар қатарға қосылуы мүмкін. Сондай-ақ, тараптар ұшу жиілігімен қатар, рейстердің географиялық ауқымын арттыруға бейіл.
Әділет Көбенов, ҚР КМ Азаматтық авиация комитетінің басқарма басшысы:
- Тамыз айында Орталық Азия Қытай азаматтық авиация саласында қарым қатынас бойынша конференция өтті. ҚХР азаматтық авиация әкімшілігімен келіссөздер жүргізілді. Атап айтқанда ұшу бағыттары бойынша жаңа бағыттар орнатылды. Сонымен қатар өткен жылы да конференция болған.
Шернияз Жалғасбекұлы, тілші:
- Былтыр Қытайда Қазақстанның туризм жылы деп жарияланған еді. Артынша Аспан асты елінен келушілердің қатары 78 пайызға артты. Айтайық, былтыр 655 мыңнан астам қытайлық төл тарихымызды танып, тұмса табиғатымызды тамашалауға ниет танытқан. Биыл бұл көрсеткіш көбеюі бек мүмкін. Себебі сол, биыл бізде Қытай туризмі жылы.
Шернияз Жалғасбекұлы, Мерей Талап
Тегтер #Қазақстан #Қытай #әуе қатынасы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz