RU
Толық нұсқаға өту

Мұнай-газ және химия саласында 20 мың жұмыс орны ашылады

05.09.2025, 15:13 586

Елде шикізат өндірумен бірге оны терең өңдеу ісі де нақты атқарылып жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Атырау, Павлодар, Шымкент қалаларындағы ірі мұнай өңдеу зауыттарының жаңғыртылуы соның айғағы. Ішкі нарық сапалы жанар-жағармаймен толық қамтылды. Қасым-Жомарт Тоқаев өңдеу саласындағы өзге де жобаларды атады. Қашағанда жаңа газ өңдеу зауыты салынып, «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының екінші желісі қолға алынды. Ал, мұнай-газ және химия саласында 20 мыңға жуық жұмыс орны ашылмақ. Мысалы полиэтилен кәсіпорны – шетел инвесторларымен бірге іске асырылып жатыр. Инвестиция көлемі 7 млрд доллардан асады. «Қаламқас-теңіз» және «Хазар» секілді ірі теңіз кен орындарын игеру басталды. Оған 6 млрд доллардан артық инвестиция тартылады.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz