RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстандық компаниялар MIHAS көрмесіне қатысып жатыр

19.09.2025, 11:35 436

Қазақстандық экспорттаушы компаниялар Куала-Лумпурдағы MIHAS халықаралық халал индустрия көрмесіне қатысып жатыр. Онда 20 отандық бірлестік агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінен бастап өңделген тауарлар мен халал қызметтер ұсынды. Делегацияны ҚР сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бастап барды. Іс-шара аясында Kazakhstan Networking Session атты бизнес-форум өтті. Қатысушыларға еліміздің сауда және инвестициялық әлеуетінің мүмкіндіктері таныстырылды. Малайзияның жетекші компанияларымен тікелей келіссөздер жүрді.

 Құттыгүл Керімбай, қазақстандық ұн өндіруші компанияның өкілі:

- Біздің зауытымыз Шымкент қаласында орналасқан. Ұн, макарон және су өнімдерін өндіреміз. Басты мақсатымыз осы Оңтүстік-Шығыс Азияға экспорт жасау. Өз өнімдерімізді жергілікті серіктестер мен халыққа таныстыру мақсатында қатысып отырмыз. Олар макарон мен ұнға үлкен қызығушылық танытып жатыр.

Ырза Тұрсынзада, қазақстандық авторлық дизайн үйінің негізін қалаушысы:

- Біздің этнодизайндегі кәдесыйларымызға бүкіл әлем қызығушылық танытып жатыр. Атап айтсақ, Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар, Оман. Дубай қаласында да тұтынушылар көп. Сұраныс жылдан жылға артып келеді. Бұл – керемет қолөнер туындылары. Барлығы қолмен жасалған. Оларды көпбалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі аналар, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған аналар жасаған. Осындай төл туындылар халықаралық деңгейдегі көрмеге шықты.

Биыл MIHAS көрмесіне 45 ел қатысып жатыр. Үш күн ішінде шараға 50 мыңға жуық адам келеді деп күтілуде. Аталған көрме халал өнімдері, дәрі-дәрмек, түрлері мен жеке гигиена заттарын ұсынады және исламдық қаржыландыру секілді өзге тақырыптарды қамтиды.

Хайрол Ариффеин Сахари, Halal Development Corporation бас директоры:

- Азия тынық мұхиты аймағы елдері қауымдастығының халал нарығын көлемі бүгінде шамамен 900 миллиард долларды құрайды. Көрме B2B форматында әріптестік орнатып, мемлекеттер арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтуды көздейді.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz