RU
Толық нұсқаға өту

ҚР Қаржы министрлігі: Кәсіпкерлердің жартысына жуығы табысын жасырған

19.09.2025, 17:51 530

Еліміздегі бизнесмендердің басым бөлігі табысын жасырып отыр. Ресми дерекке сүйенсек, тіркелген кәсіпкерлердің 44%-і нөлдік декларация тапсырады, яғни, ешқандай кіріс көрсетпейді.

 Ал шамамен 260 мың кәсіпкердің кассалық аппаратынан күніне небәрі бір ғана чек шығарылады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен жаңа Салық кодексін түсіндіруге арналған жиында айтылды. Семинарға қатысқан 800-ден астам кәсіпкерге Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жаңа құжатты таныстырды. Оның сөзінше, жаңартылған кодекс салық жүйесінде ашықтықты арттырып қана қоймай, кәсіпкерлерге белгілі бір жеңілдіктер де береді. Мәселен, қазір салықты уақытында төлемеген жағдайда кәсіпкердің банк шоты бұғатталады. Ал келесі жылдан бастап бұл талап алынып тасталады. Сондай-ақ бұрын есепті кеш тапсырғандарға айыппұл салынса, енді тек ескерту беріледі. Бұдан бөлек, бақылау тетіктері түгелдей электронды форматқа көшіп, салық төлеу рәсімі жеңілдетілмек.

Ержан Біржанов, ҚР Қаржы министрінің орынбасары:

- Жеке кәсіпкерлерге, кіші мекемелерге арнайы салық режимі сақталды. Ол салық режимінде жасайтын азаматтар ҚҚС төлемейді. Жылына 2,5 млрд-қа дейін табыс таба алады және салық мөлшерлемесі бүгінгі таңда 4% деп көзделген. Бірақ жергілікті мәслихаттар бұл мөлшерді 2%-ке төмендете алады немесе 6%-ке дейін жоғарылата алады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz