RU
Толық нұсқаға өту

Инвесторлардың құқығын ЖИ қорғайды

24.09.2025, 09:13 418

Инвесторлардың құқығын қорғауға жасанды интеллект қолданылады.

Тың тәсіл Қытай-дың дәстүрлі халықаралық заңгерлер апталығында қызу талқыланды. Әлемнің үздік сарапшылары халықаралық дау-дамайларды шешуде заманауи тәжірибенің мүмкіндігі мен тиімділігін қарастырды.

Саммит әріптестікті нығайтып көрші елдің жетекші заң институттарымен тәжірибе алмасуды көздейді. Оған қазақстандық мамандар да қатысты.

Руслан Бақытбекұлы, тілші:

- China Arbitration Summit 2025-ке 50-ден астам ел мен аймақтан халықаралық төрелік ету саласының мамандары жиылды. Бұл алаңда әрбір ел іс жүргізудегі тәжірибесімен бөлісіп назарды өзіне бұруға ұмтылады. Бизнес мүмкіндіктерін жариялап инвесторларды көп тартуға тырысты. Биылғы тақырып жасанды интеллектіге арналды.

Енді көп елде инвесторлардың ісін жүргізуге жасанды интеллект қолданылады. Бұл жаңалық халықаралық деңгейде төрелік ететін институттардың жұмысын жеңілдеткен. Сарапшылар істерді қарау барысында құжат айналымының тиімділігі артып, шығындар айтарлықтай оңтайландырылғандығын жарыса айты. Дәстүрлі форумға біздің халықаралық төрелік орталығының өкілдері келді. Олар жасанды интеллектіге қатысты қазақстандық тәжірибемен бөлісті. Дәл қазір бұл тәсіл Астана халықаралық қаржы орталығы сотында сәтті жүзеге асырылуда. Осының арқасында іс жүргізу тиімділігі 50 пайызға артқан. Жаңа стандарт қалыптасып инвестиция саласында ашықтық орнады. Ақпарат қолжетімділігі артып инвесторлардың сенімі арта түскен. Бұл жөнінде Кристофер Кэмпбелл-Холт Ове таныстырып, өз пікірін білдірді.

Кристофер Кэмпбелл-Холт, АХҚО сотының тіркеушісі және аппарат басшысы:

- Біз цифрлық технологияларды, әсіресе жасанды интеллектіні белсенді қолдана бастадық. Инвесторларға қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін жасанды интеллект техникаларын жіті зерттеп жатырмыз. Инновациялық жоба арқылы Қытайдағы және әлемнің түкпір-түкпіріндегі серіктестерімізбен ынтымақтастықты нығайтып, үздіксіз қызмет көрсетуге жол ашылады. 

Руслан Бақытбекұлы, тілші:

- Саммит барысында қазақстандық тарап цифрлық  технологиялардың дауларды шешу жүйесін қалай өзгертетіні жөніндегі тәжірибемен бөлісті. Сонымен қатар  инвестицияларды қорғауды қамтамасыз ететін және сот институттарына деген сенімінің артуына ықпал ететіндігіне қатысты пікір білдірді. Бір аптаға созылған саммит аясында АХҚО соты және Халықаралық төрелік орталығы мен Шанхай төрелік комиссиясы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Руслан Бақытбекұлы, Мадияр Ерсайын

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz