Қыркүйектің қорытындысы бойынша теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы 549 теңге 7 тиын болды.
Ал қор биржасындағы сауда-саттық көлемі бір айда 217 млн-нан 248 млн долларға дейін ұлғайды. Жалпы сауда-саттық көлемі қыркүйекте 5,2 млрд долларға жетіпті. Өткен айда Ұлттық қордағы валюта 500 млн АҚШ долларына сатылды. Ал бұл республикалық бюджетке қаржы трансферттерін бөліп, «Талдықорған-Үшарал» магистральді газ құбырының құрылысына қаржы бөлуге мүмкіндік берді. Енді Ұлттық банк қазанда 700 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта саудасын жүргізуді жоспарлап отыр. Айта кету керек, Ұлттық Банк қыркүйекте валюталық интервенция жүргізген жоқ.
Тегтер #Ұлттық банк #валюта #есеп #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz