RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда TransLogistica Kazakhstan 2025 көрмесі өтті

01.10.2025, 21:00 385

Әлемнің 21 елінен келген 300-ден аса компания Алматыдағы Транс Логистика Қазақстан 2025 ((TransLogistica Kazakhstan 2025)) халықаралық көрмесіне қатысты.

Шара көлік апталығы аясында өтіп жатыр. Бұл Орталық Азиядағы жыл сайын ұйымдастырылатын көрмелердің бірі. Мұнда логистика нарығында жұмыс істейтін компаниялар өздерінің жаңа шешімдері мен тың жобаларын ұсынады. Қатысушылардың 40 пайызы қазақстандық кәсіпорын. Көрмеде жүк тасымалы мен көлік саласының өзекті мәселелері қамтылды. Шараға Беларусь, Литва, Латвия және Эстониядан келген сала мамандары қатысты. Ал биыл алғаш рет көрмені Пәкістаннан келген делегация да тамашалады.

Гүлзана Әбдішәріпова, көрмені ұйымдастыру комитетінің өкілі:

- Жыл сайынғы көрме отандық көлік саласының дамуына, бизнес пен халықаралық байланыстың нығаюына үлес қосады. Жүк иелерімен тікелей кездесуіне, бірлескен тасымал ұйымдастыруға серіктес табуға мүмкіндік береді. Өйткені көрмеге қатысушылардың шамамен 80 пайызы – жүк тасымалымен айналысатын логистикалық компаниялар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz