Биыл Қазақстан мен Мажарстан арасындағы тауар айналымы 165 млн долларға жуықтады. Бұл қаңтар мен тамыз аралығындағы көрсеткіш. Былтырғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда 22 пайызға артып отыр.
Тауардың басым бөлігі Мажарстанға тиесілі. Олар елге 153 млн доллардың өнімін жеткізген. Онда ауыл шаруашылығы дақылдарын жинауға және бастыруға арналған техникалар, дәрілік заттар, көкөніс, тірі үй құстары мен ірі қараның үлесі басым. Ал отандық кәсіпкерлер Мажарстанға 11 млн доллардың тауарын экспорттады. Соның ішінде пропилен полимерлері, минералды тыңайтқыш, өнеркәсіпке арналған май, балық өнімдері, резеңке және пластмасса өңдеу жабдықтарына сұраныс артқан.
Қазақстан мен Венгрияның сауда байланысы (2025 ж. қаңтар-тамыз)
Тауар айналымы - $164,6 млн
Өсім - 22,1%
Импорт - $153,4 млн
Ауыл шаруашылық техникалары
Дәрілік заттар
Көкөніс
Үй құстары
Ірі қара
Экспорт - $11,2 млн
Пропилен полимерлері
Минералды тыңайтқыш
Өнеркәсіпке арналған май
Балық өнімдері
Өндіріс жабдықтары
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Мажарстан #тауарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz