RU
Толық нұсқаға өту

Қ.Тоқаев технология және инвестиция саласында маңызды келіссөздер жүргізді

02.10.2025, 19:24 775

Бүгін Мемлекет басшысы бірқатар маңызды кездесу өткізді, деп хабарлайды 24kz.

Рет-ретімен айтсақ. Стэнфорд университетінің профессоры Илья Стребулаевпен басқосуда венчурлық инвестиция тарту және жасанды интеллект саласындағы Қазақстанның стартаптарын дамыту әлеуеті талқыланды. Президент еліміз венчурлық инвестиция тарту көлемі бойынша аймақта көшбасшы ел екенін атап өтті.

Ал, Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровпен әңгімелесу барысында білім беру, жасанды инттелект және киберқауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастық мәселелеріне назар аударылды. Компания ресми түрде Astana Hub кластерінің қатысушысы атанған болатын. Қазақстанда кеңсесін ашып, AIem.АІ орталығында ЖИ-зертханасын іске қосты.

Тағы Binance компаниясының негізін қалаушы Чанпэн Чжаомен кездесуде Президент оның әлемдік криптовалюта индустриясы мен қаржы технологиясының экожүйесін қалыптастыруға қосқан үлесін жоғары бағалады. Компания басшысының 2022 жылы Қазақстанға жасаған сапары нәтижесінде, Binance Lab базасында криптоиндустрияның өңірлік хабын ашу жөніндегі меморандумға қол қойылған болатын.

 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz