RU
Толық нұсқаға өту

Елде ШОБ жұмысын жеңілдететін Fin4B AI платформасы іске қосылды

02.10.2025, 21:56 350

Елде Fin4B AI платформасы іске қосылды. Ол шағын және орта бизнес жұмысын жеңілдетуге әрі жеделдетуге бағытталған.

Бұл туралы Digital Bridge 2025 форумы аясындағы панельдік сессияда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі басқарма төрағасының орынбасары мәлімдеді. «Цифрлық қызметтер мен жасанды интеллекті арқылы бизнес-процестерді өзгерту» тақырыбында болған жиында Үсен Ғалым сөз алып, осы бағыттағы бастамаларға тоқталды.

Альмира Оразбай, тілші:

- Әлем цифрлық дәуірге қадам басты. Қазір бірқатар сала сандық жүйеге көшіп, жасанды интеллектінінің игілігін көріп жатыр. Бұл тұста «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі де жаңашылдықтан кенде қалмай, Fin4B AI платформасын іске қосты. Мәселен бұрын шағын және орта бизнеске берілетін несие процестері 10 күн бойы қаралса, қазір жасанды интеллектінің көмегімен ол 2 тәуліктің ішінде өңделеді.

Үсен Ғалым, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

- Платформа жасанды интеллектіге негізделіп жасалған. Ол мемлекеттік және өзге де дерекқорлардан бизнеске қатысты ақпаратты жинай алады. Кейін жасанды интеллект осы ақпаратты негізге ала отырып, тиісті қаржылық талдауын жүргізеді. Кәсіпкерлер тек қаржылық кеңес емес, бизнестің жол картасын да ала алады.

Digital Bridge 2025 форумының панельдік сессиясында Үсен Ғалым қағазбастылықтан арылып, бюрократияны толық жою қажеттігін де айтты. «Холдингтің көздегені – шағын және орта бизнестің кез келген қызметті ашық әрі толыққанды алуына жол ашу», - деді ол.

Үсен Ғалым, «бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

- Digital Bridge – әлемнің жетекші компаниялары мен сала майталмандарын біріктірді. Демек, еліміз халықаралық дәрежеде өзінің әлеуетін көрсетіп, саланың дамуына осылайша үлес қосып жатыр.

Холдинг жұмысы мұнымен тоқтап қалмайды. Қазір оның еншілес компаниялары да жасанды интеллектіні белсенді түрде енгізіп жатыр.

Авторы: Альмира Оразбай

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz