Қазақстан мен Мажарстан арасындағы экономикалық қатынас нығая түсті.
Премьер-министр Олжас Бектенов пен Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок экономикалық ынтымақтастық пен келісімдерді жоғары деңгейде жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Кездесуде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық, көлік-транзиттік әлеует, ауыл шаруашылығы, жасанды интеллект және цифрландыру сынды өзекті мәселелер қозғалды. Қазақстан Мажарстанға экспортты 95 тауар түрі бойынша арттыруға дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ жаңадан құрылған Қазақстан-Мажарстан инвестициялық қоры бірлескен жаңа жобаларды жүзеге асырудың маңызды құралына айналады. Серіктестіктің негізгі бағыттарының бірі көлік-логистика саласы. Қазақстанның Еуропалық Одаққа экспортын кеңейту мақсатында Будапешт агломерациясында интермодальды жүк терминалын салу бойынша бірлескен жобаны жүзеге асыру перспективалары айтылды. Оған қоса жасанды интеллект технологияларын енгізудегі ынтымақтастықтың стратегиялық басымдығы сөз болды.
Тегтер #қазақ #Мажарстан #ынтымақтастық #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz