RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанда IT қызметтер экспорты кейінгі 11,5 есе өсті

03.10.2025, 13:26 328

Қазақстанда IT қызметтер экспорты кейінгі 4 жылда 11,5 есе өсті.

Егер 2021 жылы IT шешімдер 60 миллион долларға сатылса, өткен жылы экспорт 690 миллион доллардан асты. Оң өзгеріс биыл да байқалады. Осы жылдың бірінші тоқсанында қазақстандық компаниялардың ІТ өнімдері 253 млн долларға сатылды. Қазақстан Smart Data Ukimet, Smart Bridge, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы, сондай-ақ қаржылық және мәдени сервистер бағытындағы өнімдерді экспорттайды. Олар АҚШ, Ресей, Араб Әмірліктері, Ұлыбритания, Нидерланд, Германия және Өзбекстанда сұранысқа ие. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Президент бейінді ведомствоның алдына 2026 жылы IT қызметтер экспортын 1 миллиард долларға жеткізу міндетін жүктеді. 

Қазақстаннан IT қызметтер экспорты

2021 ж. – 60 $ млн

2022 ж.  - 337 $ млн

2023 ж.  – 529 $ млн

2024 ж. – 690 $ млн

2025 ж. 1 тоқсан - 253 $ млн

ҚР Ұлттық Банкінің деректері

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz