Елде жалпы құны 10 млрд АҚШ долларынан асатын энергетикалық жобалар қаралды. Осы бағытта Инвестициялар тарту жөніндегі кеңес 30-дан астам отырыс өткізді.
Оның қатарында халықаралық келісімдер аясында қолға алынған газ және энергетика саласындағы стратегиялық жобаларға ерекше назар аударылып отыр. Ал инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулына энергетика бағыты бойынша құны 17 трлн теңге болатын 62 жоба енгізілді. 4 млрд теңгені құрайтын 16 жоба былтыр іске асырылды. Бұл - Жамбыл облысындағы күн электр станциясының, бу-газ және су электр станцияларының құрылысы, Жылу энергетикалық Орталықты кеңейту жобасы, сондай-ақ сұйытылған табиғи газ өндіру зауытының құрылысы және басқа да маңызды жобалар.
Энергетика саласының инвестициялық әлеуеті
Инвестициялар тарту жөніндегі кеңес – 30 отырыс
Қаралған жобалар құны - $ 10 млрд
Жалпыұлттық пул - 62 жоба - ₸ 17 трлн
2024 жыл - 16 жоба - ₸ 4 млрд
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #инвестиция #энергетикаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz