Жобаның бірінші кезеңінде жылына 4 гигабайт ток, 130 мың жасыл сутегі мен 700 мың тонна аммиак өндіру көзделіп отыр, деп хабарлайды 24kz.
Алдымен зауыт тұрғызылатын жерде кешенді зерттеулер жүргізіледі. Кәсіпорынға инфрақұрылым желілерін тарту мәселелері қаралады. Бұл туралы Ақтауда өткен халықаралық конференцияда айтылды. «Жасыл сутегі – тұрақты энергетикалық болашақ» атты жиынға Германиядан сарапшылар келді. Жасыл сутегі өндіруде қол жеткізген ғылыми жетістігімен бөлісті.
Айта кету керек, Қазақстан-неміс университеті Ақтаудағы жоғары оқу орнымен бірлесіп, келешек зауытқа қажетті мамандарды дайындап жатыр.
Айнұр Тумышова, жоба үйлестірушісі:
- Алдыңғы аптада Германиядан біздің акционерлер келді, Үкіметте кездесулер өткіздік. Өздерінің тарапынан тағы да жобаны жалғастыруға дайын екенін айтып өтті. Жоба тоқтап жатқан жоқ. Ұзақмерзімді жоба, көлемді қаржыны керек қылатын үлкен жоба. Дегенмен, бұл қаржының барлығы неміс тарапынан және олар әрі қарай жобаны дамытуға дайын екенін айтып өтті.
Волрад Роммель, Қазақстан-неміс университетінің президенті:
- Біз Маңғыстауға инженерлерді дайындауды бастап кеттік. Қазір германиялық компанияның жобасы әзірленуде. 100-ден астам маманды оқытып жатырмыз. Бүгінгі шараға серіктес неміс университеттерінің ғалымдары да келді. Олар «Жасыл сутегі» технологияларына қатысты ғылыми ұсынысымен бөлісті.
Тегтер #Маңғыстау облысы #зауыт құрылысы #халықаралық конференцияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz