RU
Толық нұсқаға өту

Өскемен кәсіпкерлері үшін табыс салығы төмендетілді

06.10.2025, 09:09 376

Өскемендік кәсіпкерлер үшін арнаулы салық режимінің мөлшерлемесі 4-тен 2 процентке азайтылады.

Бұл ұсыныс әкімдік және Мәслихат депутаттары тарапынан қолдау тапты. Мұндағы мақсат шағын бизнесті көлеңкелі экономикадан шығару, кіріс ашықтығын қамтамасыз ету. Салық жүктемесін талқылау барысында логистика және коммуналды қызмет шығыны да есепке алынды.

Жергілікті кәсіпкерлер арнаулы салық режимін төмендетуді екі жылдан бері сұрап келеді. Сол өтініштері енді жүзеге асты. Мейрамхана иесі Рүстем Адамов бұл қабылданған шешім шағын бизнес үшін айтарлықтай көмек дейді. Өйткені коммуналды қызмет, тауар бағасы қымбаттап, кәсіпкерліктің жағдайы шатқаяқтай бастаған еді. 

Рустам Адамов, кәсіпкер:

– Қазіргі кезде шағын және орта бизнеске бұл салық түрі ауыр салмақ. Сондықтан оның төмендетілуі дұрыс деп санаймын. Менің ойымша салық жеңілдігі кәсіпкерлік ортадағы шиеленісті сейілтеді.

Бұған дейін кәсіпкер әр сатылған тауар табысының 2 процентін банкке береді, оның сыртында 4 процентін арнаулы салық режимі ретінде төлейтін. Енді оның 2 процентке азаюы, бизнестің ашық жұмыс істеуіне ықпал етеді –дейді өңірлік кәсіпкерлер палатасының қаржылық сарапшылары.

Сәкен Абдуллин, ШҚО кәсіпкерлер палатасының директоры:

– Бұл шара бизнес өкілдеріне өз ісін дамытып, сенімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Жаңа компаниялардың саны артып, инвестиция көлемі ұлғаяды деген сенімдеміз.  

Ресми мәліметке сүйенсек, биыл өңірде тіркелген заңды тұлғалар, яғни ашылған кәсіпорындар саны өткен жылға қарағанда 1 процентке қысқарған. Алдағы мақсат, осы олқылықтың орынын толтыру.  

Қымбат Әнуарбекова, Өскемен қалалық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:

- Салық мөлшерлемесін төмендету шағын бизнеске көрсетілген маңызды қолдаудың бірі. Салық жүктемесінің екі есе азаюы бизнестің  дамуымен, кәсіпкерліктің ұлғаюына жағымды  әсер тигізеді. Жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Арнаулы салық режимінің мөлшерлемесі еліміздің өңірлерінде 2-ден 4 процент аралығында. Бірақ облыстардың көбі  бұл салық түрінің жүктемесін төмеңгі шегіне азайтып, бизнестің еркін жұмыс істеуіне жағдай жасап отыр.

Мағауия Қалиев, Вячеслав Ветлугин және Дмитрий Пыхтин

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz