Әлеуметтік осал топтағы азаматтарға мемлекеттік қолдау ретінде биыл 1,5 млн теңге көлемінде 9 мың грант бөлінбек. Бұған атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көпбалалы отбасылар, қоныс аударушылар, асыраушысынан айырылғандар, еңбекке жарамсыз деп танылған азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі баласы бар ата-аналар өтініш бере алады. Жыл басынан бері мұндай грант 700-ге жуық мүгедектігі бар азаматтарға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға берілген. Негізінен мал және құс шаруашылығы, дәріхана ашу, кондитерлік ісі және ғимаратты жалға алу сынды кәсіп түрлеріне бағытталған.
Жанар Мұсабекова, ҚР ЕХӘҚМ Халықты жұмыспен қамту орталығының бас маманы:
- Жыл басынан бері 29 мыңға жуық мүгедектігі бар азамат жұмыспен қамту орталықтарына жүгінді. Оның ішінде 9 мың 800 адам жұмысқа орналасты. Бұған қоса, 1 қыркүйекке дейін тағы 66 арнайы жұмыс орны ашылды. Оның 37-сі есту қабілеті нашар азаматтарға, 10-ы көру қабілетінде ақауы бар адамдарға, ал 19-ы тірек-қимыл аппараты бұзылған жандарға беріледі.
Тегтер #бизнес #идея #грантPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz