Елде IT қызметтер экспорты биыл алғашқы жартыжылдықта 515 млн доллардан асты. Отандық компаниялар ұсынған IT-қызметтердің көлемі былтыр 1,74 трлн теңгеге ұлғайды. Бүгінде Astana Hub экожүйесі 1832 компанияны біріктірді. Оның 465-і шетелдік компания.
Қатысушылардың табысы биыл 368,3 млрд теңгені құрады. Қазақстан InDrive, Netcracker, Playrix, Telegram сынды технологиялық алпауыттармен белсенді ынтымақтастық орнатып келеді. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру жұмыстары қарқынды. Қазіргі таңда оның 90,4 пайызы онлайн режимге көшірілді. Ал 1500-ге жуық қызметтің басым көпшілігін интернет арқылы алуға болады. Қызметтердің 90,6 пайызы смартфоннан қолжетімді. Оған қоса, қағаздағы ақпаратты толығымен алмастыратын цифрлық құжаттардың 39 түрі енгізілді.
Тегтер #айти #Astana Hub #отандық компанияларPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz