RU
Толық нұсқаға өту

Қазақ-фин тауар айналымы $ 89,5 млн жетті

28.10.2025, 07:27 338

Биыл Қазақстан мен Финляндия арасындағы тауар айналымы қаңтар-тамыз аралығында 89,5 млн долларға жетті.

Экспорт көлемі 5,1 млн долларды құрады. Фин тарапы бізден күкірт, ферроқорытпа, жартылай өткізгіштер, қара металл бұйымдары, бақылау-өлшеу құрылғылары мен көлік құралдары сынды тауарларды сатып алған.

Ал импорт көлемі 84 млн доллардан асты. Финляндиядан Қазақстанға жер қазатын техникалар, қозғалтқыштар, өнеркәсіптік жабдықтар мен дәрі-дәрмектер жеткізіледі. Бұдан бөлек, геодезиялық және топографиялық құралдар, қара металл өнімдері және жеңіл автокөліктер импортталған.

Екі ел арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі екіжақты Үкіметаралық комиссия іске қосылған. Кейінгі 20 жылда біздің елге 486  миллион доллардан астам инвестиция тартылды.  Бүгінде фин капиталының қатысуымен 70-тен астам компания экономиканың түрлі салаларында жұмыс істейді. Одан бөлек, «Болашақ» бағдарламасы аясында 36 маман Финляндияда білім алды. Жүзден аса мектепке шетелдік тәжірибеден өткен буллингке қарсы KiVa бағдарламасы енгізілді.

Мәдени-гуманитарлық бағытта да байланыс бекем. Финляндиядағы қазақ диаспорасы мәдени шараларды тұрақты ұйымдастырады. 2018 жылдан бері Хельсинкиде «Сәуле» қазақ мәдени орталығы жұмыс істеп тұр. Отандық спортшылар биыл Финляндияда өткен World Dog Show 2025 көрмесінде қазақ тазысын таныстырып, 7 жүлделі орын алып қайтты. Қазір Финляндиядағы Елшілікте 144 азамат консулдық есепке алынған.

1. Қазақстан – Финляндия

Экспорт $5,1 млн

күкірт

ферроқорытпалар

жартылай өткізгіштер

қара металл бұйымдары

бақылау-өлшеу құрылғылары

көлік құралдары

2. Импорт $84,4 млн

жер қазғыш техникалар

қозғалтқыштар

өнеркәсіп жабдықтары

дәрі-дәрмек

геодезиялық құралдар

қара металл өнімдері

жеңіл автокөліктер

3. Финляндияның Қазақстанға тікелей инвестициясы

(2005-2025жж.) $486,6 млн

70-тен астам фин компаниясы жұмыс істейді

«Болашақ» бағдарламасы:

36 маман Финляндияда білім алды

110 мектепте KiVa антибуллинг бағдарламасы енгізілген

4. Мәдени әріптестік

2018 ж. бастап Хельсинкиде «Сәуле» қазақ мәдени орталығы жұмыс істейді

World Dog Show 2025: қазақ тазысы 7 жүлде иеленді

Финляндиядағы ҚР азаматтары - 144 адам.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz