RU
Толық нұсқаға өту

Ел экономикасы 6,3%-ға өсті

03.11.2025, 22:00 403

Жеті айда ел экономикасы 6,3%-ға өсті. «Жалпы ішкі өнімнің бұндай сенімді өсуі тұрғындардың өмір сүру сапасына оң әсер етуде», - дейді экономистер. Атап айтқанда Қазақстанда бес жылда 1 129 000 адам пәтер сатып алынған.

Кейінгі жылдары ел ішінде және елден тыс жерлерге саяхаттаушылар саны да көбейді. Нәтижесінде ішкі туристер саны 40%-ға артты. Ал шетелде демалатындар саны үш есеге ұлғайған. Тасымал көлемі де артып, ұшақ арқылы  14,4 млн жолаушы қатынаған. Такси қызметін пайдаланушылар саны былтыр 73 млн-нан асты. Осылайша көрсеткіш соңғы жеті жылда 35 пайызға артқан.

Әуе қатынасы арқылы 14,4 млн жолаушы тасымалданды. «Сондай-ақ ет пен жеміс тұтынудың молайғаны қазақстандықтардың сапалы тамақтануға көшкенін білдіреді», - дейді мамандар. Экономикалық өсім көлік тасымалы, инфрақұрылым мен тұтыну көлемі арқылы күнделікті өмірде байқалып отыр. Такси қызметін пайдаланушылар саны 2018 жылдан бері 35%-ға артты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz