RU
Толық нұсқаға өту

ОПЕК+ мұнай өндірісін арттырады

03.11.2025, 23:00 409

ОПЕК+ елдері желтоқсан айында мұнай өндірісін күніне 137 баррельге дейін арттыруға уағдаласты. Шешім ұйымға мүше мемлекет өкілдерінің онлайн кездесуі барысында қабылданды. 

Бұл 2023 жылы нарықты тұрақтандыру үшін енгізілген ерікті шектеулерден біртіндеп шығудың кезекті қадамы. Алайда келер жылдың бірінші тоқсанында өндіріс өсімі уақытша тоқтатылады. Қысқартылған көлемдерді қалпына келтіру нарықтағы жағдайға байланысты болады. Жоспарды кеңінен талқылау үшін ОПЕК+ өкілдері келесі кездесуді 30 қарашаға жоспарлап отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz