RU
Толық нұсқаға өту

Былтыр $17,2 млрд инвестиция тартылды

04.11.2025, 17:17 318

АҚШ-та өтетін саммит экономикалық һәм инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашады деп сенеміз.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, былтыр елімізге тартылған инвестиция көлемі 17,2 млрд долларға жетті. Қомақты қаржыны салған мемлекеттердің тізіме зер салсақ, бірінші орында 4,1 млрд доллармен Ресей тұр. Екінші орынға Нидерланд тұрақтады. Ал Оңтүстік Корея, Бельгия және Қытай бізге 1 млрд доллардан астам инвестиция құйған. Нақты салалар бойынша алсақ, еліміздегі тау-кен өнеркәсібіне 6,5 миллиард доллар, көтерме және бөлшек саудаға 5,3 млрд, өңдеу өнеркәсібіне – 2 млрд доллардан астам инвестиция тартылған. Бұдан бөлек, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтерге, ақпарат пен байланыс, қаржы, электр-газ, сондай-ақ құрылыс және көлік бағыттарына да біршама инвестиция салынған.

Ресей – $4,1 млрд

Нидерланд – $3,8 млрд

Оңтүстік корея – $1,2 млрд

Бельгия – $1,2 млрд

Қытай – $1,2 млрд

Тау-кен өнеркәсібі – $6,5 млрд

Көтерме және бөлшек сауда – $5,3 млрд

Өңдеу өнеркәсібі – $2,8 млрд

Ғылым мен техника – $916,5 млн

Ақпарат және байланыс – $571,9 млн

Қаржы және сақтандыру – $485,9 млн

Электрмен, газбен қамту – $370,8 млн

Құрылыс – $289,6 млн

Көлік және қоймалау – $170,1 млн 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz