Биыл тоғыз айда Қазақстанның сыртқы тауар айналымы 90 млрд доллардан асты. Оның 40 миллиарды импорт болса, 50 миллиарды экспорттың үлесінде. Тауарды ең көп алдыратын елдердің тізімінде Италия көш бастап тұр. Бұл ел бізбен 10 млрд долларға сауда жасаған. Одан кейінгі орында 9,5 млрд доллардың тауарын сатып алған Қытай тұр. Үштікті Ресей түйіндейді. Ол Қазақстаннан 5 млрд доллардың өнімін сатып алған.
Жанар Ақбердиева Qaztrade АҚ Экспорттық акселерация және оқыту тобының аға менеджері:
- Қазақстан экспортының жетекші позициялары ол мыс және мыс катодтары. Олар электорника, электрика және өндіріс секторлары үшін өте маңызды болып табылады. Екінші орында бізде уран. Қазақстан бұл санатта әлемдік көшбасшылығын сақтап отыр. Сондай-ақ, ферросплавтар экспорты Қытай, АҚШ және Еуроодақ нарықтарында тұрақты сұранысқа ие.
Тегтер #Қазақстан #тауар айналымы #мысPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz