Қазақстан мен АҚШ экологиялық таза авиаотын шығаратын зауыт салуға ниетті.
Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің америкалық LanzaJet компаниясының бас атқарушы директоры Джимми Самарицпен болған кездесуінде айтылды. Жиында бірлескен жобаны жүзеге асыру үшін озық технологияларды локализациялау перспективалары қаралды. Атап айтқанда, Рудный қаласында авиациялық SAF отынын өндіретін зауыт салу жобасы талқыланды. Болашақ кәсіпорынның қуаты жылына 54 мың тонна авиаотын және 100 мың тонна биоэтанолдың қайта өңделген түрлерін өндіруге жетеді. Бүгінгі таңда зауыттың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жұмыстары аяқталды. Жоба «жасыл» авиацияны дамытуға және тереңдетіп өңдеуге бағытталған. Биоотын өндірісі парниктік газдар шығарындыларын азайтуды қамтамасыз етеді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Қазақстан #АҚШ #зауытPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz