RU
Толық нұсқаға өту

Инвесторлар саланың дамуына үлес қосып жатыр

10.11.2025, 17:32 305

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметіне сүйенсек, соңғы 5 жылда елдегі жоғары оқу орындарына біршама инвестиция тартылған.

Тиісті шығындар мен тікелей инвестицияларды қоса алғанда, салаға 40 млрд теңгеден астам ақша құйылды. Оның 20 млрд теңгесі – британдық екі университетке тиесілі. Яғни осы білім ордаларының филиалы жанынан жалпы саны 12 мың студентке арналған кампустар салу жоспарланып отыр.

Білім-ғылымға ₸40 млрд инвестиция тартылды. ₸20 млрд – британдық университеттердің кампустары салынады.

Ақерке Абылайхан, ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі Білім комитеті төрағасының орынбасары:

- Ең бастысы бинестің студенттерге қажетті материалдық-техникалық база, лабороторияларды жабдықтауы қажет. Мысалы, Тараз қаласындағы Дулати университетінде Менделеев атындағы Ресей химиялық-технологиялық филиалы ашылған болатын. Ол жерде КазФосфат 2 млрд 200 млнға арнайы лаборотория ашып, жабдықтап берді. Сонымен қатар қазір жатақханаларда жекеменшік әріптестік аясында салынуда. Жатақхананы салғанға инвестор басында өзі қаражат салады. Оны мемлекет 6 жыл көлемінде бірітіндеп қайтарады. Сондықтан барлығы жоғары білімге салынып жатқан инвестиция деп есептеуге болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz