RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан мен Сингапур ынтымақтастығы артады

10.11.2025, 19:25 420

Қазақстан мен Сингапур арасындағы ынтымақтастық жаңа серпін алды. Былтыр елге тартылған тікелей инвестициялар көлемі 50 пайыздан астам өсіп, 700 млн АҚШ долларынан асты.

Бұл туралы Сингапурда өткен AIFC Connect атты бизнес-форумда айтылды. Аталған іс-шараны Астана халықаралық қаржы орталығы ұйымдастырды. Алаңда екі елдің сарапшылары мен кәсіпкерлері қатысқан пікірталастар өтті. Жиында  инвестицияның перспективалы бағыттары, өңірдегі қаржы орталығының рөлі, сондай-ақ активтерді басқару, финтех және инновациялар нарығын дамыту мәселелері сөз болды. Қазіргі таңда Қазақстанда сингапурлық капиталдың қатысуымен шамамен 300 компания жұмыс істейді. Бірлескен жобалар жұмыс орындарын ашуға, импортты алмастыру мен экспортты дамытуға өз үлесін қосуда.

Талғат Аманбаев, АХҚО Әкімшілігінің инновациялар жөніндегі бас директоры, басқарма мүшесі:

- Бүгінгі біздің іс-шарамызға 150-ден астам адам қатысты. Сингапур компаниялары финтех саласына көп  қызығушылық танытып отыр. Бұл Қазақстанда ең қарқынды дамып келе жатқан нарықтардың бірі. Бізде барлық қажетті реттеу тетіктері бар. Осы салада жұмыс істейтін 118 ел мен 38 реттеушінің ішінде Астана халықаралық қаржы орталығы топ-4-тің қатарына кірді.

Арман Батаев, АХҚО-да тіркелген қазақстандық компанияның басқарушы директоры:

- Астана халықаралық қаржы орталығы Сингапур, Гонконг, Дубай және басқа да елдердің қаржы орталықтары мен инвесторларына жақсы таныс. Мұнда венчурлық капитал инвесторлары мен финтех компаниялары бар. Бұл компаниялар үшін АХҚО-ның венчур қорлары мен заңнамасы өзара өте ұқсас. Сондықтан екі юрисдикцияның ұқсастықтарын пайдалана отырып, елге қаржы тартуға болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz