Бүгінде Қазақстан Ресейдің негізгі сауда серіктестерінің бестігіне кіреді.
Ресей Федерациясы -еліміздің сыртқы саудадағы ірі серіктестерінің үздік үштігі қатарында. Қазір елде ресейлік капиталдың қатысуымен 20 мыңнан астам компания табысты жұмыс істеп тұр. Екі елдің өнеркәсіптік кооперациясы аясында жалпы инвестиция көлемі 50 млрд доллардан асатын 170-тен астам жоба қолға алынған. Мысалы, Ресейдің "Сибур", "Газпром", "Лукойл", "ЕвроХим" секілді бірқатар ірі компанияларымен бірлесіп, біздің елде полиэтилен, бутадиен, минералды тыңайтқыштар және өзге де сұранысқа сай өнім өндіретін жоғары технологиялы зауыттар салынып жатыр.
Тегтер #Қазақстан #Ресей #сауда серіктесі #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz