Премьер-министр «Қазақ Инвест» компаниясына қатысты сын айтты.
Ұлттық компанияның директорлар кеңесінің отырысында Олжас Бектенов жұмыстың әбден қағазбастылыққа салынып, нақты нәтижелерге бағытталмай отырғанын тілге тиек етті. Қосымша лауазымдар енгізу мен шетелде жаңа өкілдіктерін ашу туралы ұсынысты қолдамады. Қолданыстағы штат саны шеңберінде сапалы түрде қайта құрылымдау қажеттігіне назар аударды. Компания экономикаға қомақты инвестиция тартудың тиімді, икемді әрі ұтқыр құралына айналуы тиіс. Ол үшін процестерді қайта құрылымдап, әрбір қызметкер үшін нақты тиімділік көрсеткіштерін енгізу қажет. "Бастысы нақты нәтиже. Сылдыр сөзден бұрын, жобаларды жүзеге асыруға, кәсіпорындарды іске қосуға мән беру керек" деді. Бұл ретте Премьер Инвестициялық тапсырыс тетігін белсенді пайдалану қажеттігін баса айтты. Айта кетейік, биыл елде шетелдік инвесторлардың қатысуымен 1,26 млрд доллар болатын 27 жоба іске қосылған.
Тегтер #Олжас Бектенов #Kazakh invest #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz