Оралда өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің XXI өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды 24KZ. Инновациялық қалашықта отандық кәсіпкерлер мен оқу орындары жасанды интеллектіге негізделген тың жобаларын таныстырып жатыр. Сондай-ақ өңірлердің инвестициялық әлеуетін талқылауға арналған пленарлық отырыс өтеді.
Айта кетейік, соңғы 5 жылда Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара сауда көлемі шамамен 50% артты. Былтырдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 28 миллиард доллардан асты. Жалпы 2003 жылдан бері екі тарап ауқымды шара аясында 300-ден аса келісімге отырған.
Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:
- Алдымызда үлкен мақсат тұр. Жуырда екі ел арасындағы өзара тауар айналымын 30 млрд АҚШ долларына жеткізу жоспарланып отыр. Ал бүгінгі форум арқылы сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетудің негізгі бағыттарын айқындаймыз. Бүгінге дейін жүзеге асқан 14 жобаның жалпы құны 4,4 миллиард долларды құрады. Алда 30-дан астам жоба бар. Оның жалпы құны 30 миллиард доллардан асады.
Тегтер #Орал #қазақстан Ресей #өңіраралық форум #жасанды интеллект #сауда саттық #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz