Қырғызстан – біз үшін тату көрші, бауырлас ел ғана емес, сонымен қатар маңызды сауда-экономикалық серіктес мемлекет. Қос елдің биыл алғашқы сегіз айдағы тауар айналымы 21 процентке өсіп, бір жарым миллиард долларға жуықтаған. Бұл туралы бүгін елордада өткен қазақ-қырғыз Үкіметаралық кеңестің 13-ші отырысында айтылды.
Жиынға көрші елден келген Министрлер кабинетінің төрағасы Әділбек Қасымәлиев пен Қазақстанның Үкімет Басшысы Олжас Бектенов екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талықалады. Тараптар арасындағы маңызды тақырыптың бірі агроөнеркәсіптік кешен болды. Өйткені өсім жоғары. Сондай-ақ Қазақстан мен айыр қалпақты ағайындардың аумағында орналасқан Хаң Тәңірі шыңындағы тау туризмін түлету туралы мәселе қозғалды. Қорыта айтқанда, инвестиция, су саласы, көлік-логистика сынды басқа да салалар жан-жақты талқыланды.
Тегтер #тауар айналымы #Олжас БектеновPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz