Елдің үздік шаруалары Астанаға жиналды, деп хабарлайды 24KZ. Бас шаһарда ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумы басталды. Жиында аграрлық саланы дамытудың өзекті мәселелері сөз болмақ. Қазір талқылау басталып кетті.
Қазақстанда жиым-терім науқаны аяқталуға жақын. Биыл егіс алқаптарында астық бітік шықты. Дәнді дақылдар түгел дерлік орылды. Нәтижесінде шаруалар шамамен 20 млн тонна астық жинады. Көкөніс, бақша және майлы дақылдары бойынша жақсы нәтиже тіркелді. Тіпті кей бағыттар бойынша көрсеткіш былтырғыдан да жоғары. Мұның бәрі мемлекет мезіретінің жемісі деуге болады. Биыл шауараларды қолдауға қомақты қаржы бөлінді. «Соның арқасында көктемгі егіс науқаны қиындықсыз өтті», – дейді диқандар.
Экспорт та артып келеді. Мысалы, бидай 45 елге сатылады екен. Былтыр диқандар 12 млн тонна астық алуда жоспарлаған. Бірақ межеден асып, 14 млн тонна бидай жинады. Биылғы көрсеткіш те көңілге қонымды болғандықтан, өнімді өзге елге жөнелтуге ниет бар. Ол үшін логистикаға қосымша субсидия беріледі.
Иә, саланың көрсеткіші жақсы. Бірақ тоқмейілсуге болмайды. Себебі шешілуге тиіс проблемалар әлі де жетеді. Бүгінгі форум осы көкейтесті мәселерге арналған. Бұл алаңға елдің үздік еңбеккерлері жиналды. Айта кетейік, отырыс екінші рет ұйымдастырылып отыр. Былтыр осы алаңда Мемлекет басшысы бірқатар өткір мәселені көтеріп, оларды жедел шешуді тапсырған еді. Оның ішінде субсидиялардың уақытында берілмеуі, тұқым сапасы, астық қоймаларының жетіспеушілігі, пайдаланылмай жатқан жер мәселесі бар. Бүгінгі форум не айтылатынын көп ұзамай білеміз.
Авторы: Бекзат Аман
Тегтер #Астана #Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің форумы #аграрлық сала #Агроөнеркәсіп #жиын терім #24KZ #Таңдаулы #Жұмысшы мамандықтар жылыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz