RU
Толық нұсқаға өту
Depositphotos

Креативті индустрия: 2029 жылға белгіленген мақсат

18.11.2025, 13:40 338

Мәдениет және ақпарат министрлігі бұған дейін креативті индустрияны дамытудың жоспарын жариялаған еді. 2029 жылға дейін саладағы кәсіпкерлік нысандарының санын және шығармашылық өнімдердің экспортын жыл сайын 5% ұлғайту көзделген.

Креативті өнімдер мен қызмет экспортын келесі жылы 100 млн АҚШ долларына жеткізу жоспары бар. 2028 жылға қарай 111 млн долларға дейін өсіру көзделіп отыр. Ал экспорттың құнын 2029 жылға дейінгі 116 млн-ға дейін жеткізбек. Бүгінде креативті индустрияның жалпы ішкі өнімдегі үлесі 1% деңгейінде. Алдағы үш жылда оны 2%-ке дейін ұлғайту міндеті тұр.

Әрине, осы бір экономикалық индикаторға қол жеткізу үшін креативті индустрияның өнімділігін арттырған жөн. Ол үшін адами капиталды дамытып, жұмыспен қамту көрсеткішін ұлғайту қажет. Биыл 143 мың адам креативті индустрия саласында еңбек етсе, келесі жылы бұл индикаторды 150 мыңнан, 2027 жылғы меже 158 мыңнан асыру. Ал 2029 жылға қарай 174 мыңнан астам адамды шығармашылық саласына жұмылдыру жоспарланып отыр. Сол сияқты кәсіпкерлік нысандарының санын жыл сайын 5% көбейту міндеті тұр. Бүгінде 45 мыңнан астамы тіркелсе, 2027 жылы оны 52 мыңнан асыру көзделіп отыр. Ал 2029 жылға қарай қойылған мақсат – 55 мыңға жеткізу. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz