RU
Толық нұсқаға өту

Жамбыл облысында төрт жылда 62 жоба жүзеге асады

19.11.2025, 14:10 412

Жамбыл облысында төрт жылда 62 инвестициялық жоба іске асып, 6 мыңнан астам жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды 24KZ. Қазір өңірде 26 зауыттың құрылысы басталып кетті. Олардың арасында елде алғаш ашылып жатқан кальцийленген сода, натрий циониді сынды өнім шығаратын кәсіпорындар бар.

Кальцийленлген сода өндіретін елдегі алғашқы зауыт Сарысу ауданында салынып жатыр. Кәсіпорын басында 500 мың тонна өнім шығарып, кейін қуаттылығын екі есе арттырады. Жобаны қолға аған түркиялық инвестор құрылысқа 800 млн доллар салған. Қазір жұмыстың 50%-і аяқталды. Өндіріс 2026 жылдың төртінші тоқсанында пайдалануға беріледі.  

Юсуф Джейлан, «Qazaq Soda» ЖШС директоры:

- Кәсіпорын іске қосылғанда 400 жаңа жұмыс орны ашылады. Біз Қазақстан нарығын өніммен толық қаматамасыз етіп, қалғанын экспортқа шығаруды жоспарлап отырмыз. Мұнда ең алдымен жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтимыз. Осында жатыр жұмыс істеу үшін шағын қалашық та салып жатырмыз.

Сарысу ауданында «ЕвроХим» компаниясы 1 млн тоннаға дейін минералды тыңайтқыш шығаратын химиялық зауыт салып жатыр. Кәсіпорында кемінде 1 200 жұмыс орны ашылады. Мұнда жылына 800 мың тонна күкірт қышқылы мен  тағы 4 түрлі химиялық өнім шығады.

Болат Әбдуалиев, «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС бас директорының орынбасары:

- Өнімдер, біріншіден, ішкі нарық. Бірақ біздің көлем ішкі нарықтан, сұранысынан көп. Сондықтан шет елдерге. Ол мына Оңтүстік Еуропа, Оңтүстік, Солтүстік Америка және Қытай.

Ал Талас ауданында натрий ционидін өндіретін кәсіпорын өнідірісін екі есе арттырып жатыр. Зауыт жылына 30 мың тонна өнім шығарып, жұмысшылар санын 1 мыңға дейін жеткізбек.

Әбдіғали Жүнісов, «Talas Investment Company» ЖШС директорының орынбасары:

- Әріптесіміз ТСС компаниясы Қытайдан қондырғының барлығын әкеліп қойып, іске қосып, оқытып, беріп кетеді. Қазақстанның өз мамандары жұмыс жасайды. Қоршаған ортаға, ауаға ешқандай зияны жоқ, таза қалдықсыз өндіріс.

Жалпы аймақта 26 инвестициялық жобаның құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Алдағы бірнеше жылда тағы 36 зауыт салынады. 

Авторлары: Мерей Бает, Бақытжан Бапаев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz