Импортталатын азық-түліктің өндірісін арттыру. Инфляцияны төмендетудің бірден-бір тетігі осы. Бүгінгі Үкімет отырысында Премьер-министр азық-түлік өндірісін арттыруға басымдық беруге назар аударды.
Олжас Бектенов Ауыл шаруашылығы, Сауда және өнеркәсіп министрліктеріне ішкі нарықтың отандық өніммен қамту көрсеткішін арттыруды тапсырды. «Бұл халықтың әл-ауқатын арттыру бағдарламасы шеңберінде қойылған басты міндет. Ол үшін тұрақтандыру қорлары, форвардтық шарттар, өнім бағасын төмендетуге берілетін субсидиялар мен баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі келісімдерді ұтымды іске асыруымыз керек. Аталған шаралар азық-түлік бағасын тұрақтандырып, инфляция деңгейін төмендетуге тиіс», – деді премьер-министр.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
- Макроэкономикалық тұрақтылық мәселелері жөніндегі кеңесте Президент экономиканы орнықты дамыту үшін барлық жауапты мемлекеттік орган үйлесімді жұмыс істеуі керек екендігін атап өтті. Осыған байланысты мына мәселелерге назар аударған жөн. Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы және Сауда және интеграция да министрлігі инфляцияны бақылау мен төмендету және бағаға сыртқы факторлар әсерін барынша азайту жұмыстарын күшейту қажет. Коммуналдық тарифтердің шекті үлесі сақталуға тиіс.
Бензиннің заңсыз тасымалына шектеу
Бұдан бөлек Олжас Бектенов бензин мен дизельдің басқа елдерге заңсыз өтуіне қатаң бақылау енгізуді тапсырды. Жанар жағармай бағасын көтеруге мораторий енгізілгені белгілі. Көршілес елдерге қарағанда отандық мұнай өнімдері әлдеқайда арзан болғандықтан, шетке заңсыз тасымалдың қаупі бар. Сол себепті Үкімет басшысы Энергетика, Сауда және интеграция, Қаржы, Ішкі істер министрлігі, Қаржылық мониторинг агенттігі және Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметіне бақылауды күшейтуді жүктеді.
Тегтер #Олжас Бектенов #азық түлік #инфляция #бензин #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz