Ақтөбе облысына 892 миллиардтан астам теңге астам инвестиция тартылды. Бұл былтырдың осындай кезеңімен салыстырғанда 217 млрд теңгеге артық. Өңір басшысы Асхат Шахаров осылай деді.
Ақтөбе облысының әкімі елде алғаш рет қой жүнін терең өңдейтін және одан құрылыс материалдар шығаратын жаңа цех ашылатынын айтты. Мұнымен қоса, жыл соңына дейін жалпы құны шамамен 350 млрд теңге болатын төрт жобаны іске асыру жоспарланған.
Асхат Шахаров, Ақтөбе облысының әкімі:
- Сонымен қатар инвесторларға қолайлы жағдай жасау үшін Ә. Молдағұлова атындағы Халықаралық әуежай базасында «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағы, Хромтау қаласында республикалық маңызы бар «Хромтау» индустриялық аймағы құрылды.
Биыл өңірде 353 млрд теңгеге жуық өнім өндірілді. Төрт түлік малдың басы орташа есеппен жеті пайызға өскен. Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін енгізу аясында кәсіпкерлерге 2,5 пайызбен 7,5 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие берілді. Жалпы жоба аясында сүт өндірісі 20 мың тоннаға ұлғайтылмақ. «Нәтижесінде өңірдің өңделген сүтпен қамтамасыз ету деңгейі 90%-ға жетеді», - деді облыс әкімі.
Асхат Шахаров, Ақтөбе облысының әкімі:
- Көктемгі егіс пен күзгі орақ жұмыстарына жалпы 5,9 млрд теңге көлемінде 5% жеңілдетілген несие берілді, 554 мың тонна өнім алынды. «Ауыл Аманаты» жобасы аясында 16,4 млрд теңгеге 2 883 жоба бойынша несие берілді.
Тегтер #Ақтөбе облысы #инвестиция #жоба
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz