Экономика өсімін арттырып, төмен инфляцияны қамтамасыз ету – макроэкономикалық тұрақтылық үшін маңызды. Экономистер пікірінше, елде 10 айда экономиканың 6,4% өсім көрсеткені - жоғары көрсеткіш. Ал Үкімет ұсынған азаматтардың әл-ауқатын жақсарту бағдарламасы халықтың нақты табысын арттыруға мүмкіндік береді.
Жоспар толық жүзеге асса елдің экономикалық көрсеткіштері жақсара түсіп, одан әрі тұрақтана түседі. Үкімет жоспарына сай алдағы уақытта әр өңірдің өз ерекшелігіне сай даму жобалары іске асырылады. Сонда жұмсалған қаражаттың тиімділігі артады.
Ерділда Таутенов, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:
- Экономикалық өсіммен қатар төмен деңгейлі инфляцияны қалыптастыру макроэкономикалық тұрақтылық деп аталады. Осы мақсатқа жету үшін қабылданып жатқан осындай бағдарламалар қазіргі таңда өте қажет деп ойлаймын. Бұл бағдарламада өздеріңіз көргендей көптеген бағыттарды қамтиды. Оның ішінде ішкі нарықты қажетті тауарлармен толықтыру, инвестициялық ахуалды дұрыстап яғни инвесторларды көбірек тартып жаңа зауыттарды салу, сонымен қатар жұмыс орындарын құру. Оның ішінде жоғары табысты жұмыс орындарын ашу деген мәселелер қарастырылып отыр.
Тегтер #экономика #инфекция #өсімPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz