Биыл біздің ел Арменияға бидай жөнелте бастады, деп хабарлайды 24KZ. Айдың басында алғашқы мың тоннасы 15 вагонға тиеліп, Ресей, Әзербайжан, Грузия арқылы Даларик бекетіне жеткізілді.
Келісім бойынша бұл бидай жемшөп мақсатында сатып алынған. Бірақ сапасы жоғары болған соң ұн өндірісінде де қолданылады. Енді Армения тарапы бидай импортын арттыра бермек. «Азық-түлік корпорациясы келесі жылы 50 мың тоннасын экспорттаймыз», – деп хабарлады.
Рустам Жанатаев, «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ басқарушы директоры:
- Қазақстан Арменияға алғаш рет бидай жіберіп отыр. Өйткені бұған дейін Әзербайжан арқылы логистика мүмкін болмаған. Міне, тасымалға жол ашылғалы алғашқы бидай жөнелтілді. Енді 2026 жылдың 6 айында 50 мың тонна бидай жіберуіміз керек. Жалпы бұл ел бидайдың кез келген түрін сатып алуға дайын. Макарон өндіру үшін қатты бидайды да алады. Күнбағыс майы мен дәнін де экспорттаймыз деп отырмыз.
Тегтер #Армения #Қазақстан #бидай экспорты #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz