Еуразиялық экономикалық комиссия қыркүйектегі бензин бағасын жариялады.
Оған сәйкес ең қолжетімді отын Қазақстанда сатылады екен. Біздегі баға шамамен 228 теңге. Ал Ресейде бір литр бензинді 416 теңгеге алуға болады. Қырғызстандағы отын құны 443 теңге шамасында. Беларусь 454 теңгеден сатылса, Арменияда 746 теңгеге барады екен.
Елімізде жанар-жағармай бағасын көтеруге мораторий енгізілгені белгілі. Көршілес елдермен салыстырғанда отандық мұнай өнімдері әлдеқайда арзан. Сол себепті шетке заңсыз тасымалға жол бермес үшін Үкімет басшысы кеше құзырлы органдардың бәріне бақылауды күшейтуді жүктеген еді.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz