Шығыс Қазақстан облысынан шетелге шығарылатын май көлемі тағы да артты.
Аспан асты елінің премиум класстағы өнімдерімізге деген сұранысы бұрынғыдан бетер көбейіп, 50 млн доллар көлемінде екі жақты келісімшарт жасалды. Бұл туралы бүгін бас қалаға келіп БАҚ өкілдеріне есеп берген облыс әкімі айтты. Нұрлыбек Сақтағановтың сөзінше, өңірдің экономикалық көрсеткіштерінде оң өзгеріс байқалады. Өнеркәсіп өндірісі, инвестиция, құрылыс, ауыл шаруашлығы салаларындағы статистикалар өскен. Биыл жаңа 23 мың жұмыс орны ашылып, орташа айлық көлемі 403 мың теңгеге жетіпті. Жыл соңына дейін облыстың жалпы өңірлік өнімі 102 пайызға артып, 5,5 трлн теңгеге жетеді деп күтілуде.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
- Биыл аймақтың аграрлық секторы тұрақты өсуді көрсетуде. Астық өнімі 101,5%-ке, майлы дақылдар – 107%-ке артты. Қайта өңделген экспорттық өнім үлесі - 66%-тен 71%-ке дейін өсті. Цифрлық жүйені пайдалану арқылы егістік жерлердің 40%-і өнімділікті гектарына 30 центнерге дейін арттыруға мүмкіндік берді.
Тегтер #Хабар #жаңалықтар #ШҚО #экономика #Жұмысшы мамандықтар жылыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz