RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан Еуроодаққа бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынады

21.11.2025, 07:40 456

Қазақстан Еуроодаққа аса маңызды шикізат сұранысын өтеу үшін бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынады. Бұл туралы Еуропалық комиссия ұйымдастырған «Шикізаттық материалдар апталығында» айтылды.

Жиын сирек және сирек кездесетін металдар саласындағы ынтымақтастықты нығайту мен ұзақ мерзімді серіктестікті дамытуды көздейді. Отандық делегация құрамында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, кәсіпорындар және бизнестің өкілдері бар. Форум аясында олар елімізде инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ниетті еуропалық компаниялармен кездесті.

Рахымжан Исақұлов, ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі:

- Осы Еуропалық Одақтың мемлекеттері бізге келіп, инвестиция жасайды. Олармен біз көкейкесті мәселелерді талқылап, осындай конференцияларда кездесіп, сол мәселелерді шешуге тырысамыз.

Люк Девинь, ЕО аса маңызды шикізат материалдары жөніндегі арнайы өкілі:

- Аса маңызды шикізат материалдары бойынша жобалар өндірісін іске қоспас бұрын ұзақ жылдар керек. Бірақ болашақта осы бағытта дамитынымыз сөзсіз. Сондықтан Еуроодаққа Қазақстанмен әріптестікті дамыту маңызды.

Дарио Лигути, БҰҰ ЕЭК тұрақты энергетика бөлімінің директоры:

- Орталық Азия әрдайым біздің назарымызда болды, бірақ жеке дара арнайы сессия алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл Еуроодақ пен өңір елдері арасындағы ынтымақтастықтың артып келе жатқанын айғақтайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz