RU
Толық нұсқаға өту

Әмірліктерде қазақ стартаптары көбейді

21.11.2025, 13:30 349

Дубайдың қаржы, жасанды интеллект және цифрлық трансформация саласында сәтті іске асып жатқан қазақ стартаптары көбейді, деп хабарлайды 24KZ. Басым бөлігі айына мыңдаған долларлық табысқа қол жеткізіп үлгерді. Мамандар мұны «еліміздің IT экспортын арттыру бағытында жасалған маңызды қадам», – дейді.

Араб Әмірліктерінде жақында ғана ашылған «Тұмар» инновациялық хабы қазақстандық жобаларды жергілікті нарыққа бейімдеп, құқықтық тұрғыда қолдау ісін жеделдетіп жатыр. Осы мақсатта ірі венчурлық қор өкілдерімен ауқымды басқосу ұйымдастырылды. Диалог алаңы аясында IT шешімдердің артықшылығы мен мүмкіндігі таныстырылды. Елімізде ойлап табылған озық бағдарлама иелері жаңашыл жобаларына инвестиция тартып, табысын еселеуге мүмкіндік алды.

Рината Елубаева, «Тұмар» инновациялық хабының бас атқарушы директоры:

- Қазақстандық стартаптардың мұнда іске қосылғанына 2 айдан асты. Ресми тіркеуден өтіп, IT қызметпен айналысып жатыр. Ауқымын бірте-бірте кеңейтіп жатыр. Осы мақсатта венчурлық қор басшыларымен кездесу ұйымдастырдық. Әр жобаның артықшылығы мен тиімділігі дәлелденіп жатыр.

Бір айта кетерлігі, Дубай халықаралық қаржы орталығында өткен «Investor Day» іс-шарасына 500-ге тарта мейман қатысты. Басым бөлігі инвесторлар. Жиын барысында тараптар өзара ынтымақтастықты нығайтып, алдағы кезеңде іске асырылатын жобалар жөнінде ой бөлісті.

Димаш Қасен, қазақстандық венчурлық қордың инвестициялық сарапшысы:

- Біз Астана ғана емес, жалпы Қазақстанның әлеуетті деп танылған стартаптарын шетел нарығына шығаруға көмектесеміз. Бар мүмкіндігін зерделеп, артықшылығына көз жеткізіп алған соң осындай қолдау көрсетіледі. Біздің өкілдеріміз қазір Дубайда табысты еңбек етіп жүр. Бұл іс алдағы уақытта да жалғасады. Бір жағынан қаржылық, екінші жағынан операциялық мәселелерін реттеуге атсалысамыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz