RU
Толық нұсқаға өту

Беларусьта Қазақстанның сауда үйі ашылады

21.11.2025, 18:12 460

Беларусь елінде Қазақстанның сауда үйі ашылады. Жоба кезең-кезеңімен іске асып, екі ел компаниялары арасындағы іскерлік байланыстар нығаяды. Қазір сөреге шығатын отандық өнімдеріміздің тізімі анықталып жатыр. 

Минскіге жұмыс сапарымен барған Сауда және интерграция министрі Арман Шаққалиев, Беларусь премьер-министрі Александр Турчинді қабылдап, келіссөз жүргізді. Тараптар екіжақты ынтымақтастық жайы мен тауар айналымының әлеуетін арттыру мәселесін талқылады. Қазірдің өзінде көрсеткіш жаман емес. Биылғы сегіз айда Қазақстан мен Беларусь арасындағы айналым 739 миллион долларға жетіп, былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 20 пайызға өскен. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz