RU
Толық нұсқаға өту

2026 жылы салық саясаты қалай өзгереді?

25.11.2025, 17:12 578

Астаналық кәсіпкерлер үшін салық мөлшерлемесі төмендеуі мүмкін.

Қазір шағын және орта кәсіп үшін оны 4 пайыздан үшке дейін төмендету ұсынысы талқыланып жатыр. нақты шешім 1 желтоқсанда қабылданады. Бұл жаңа салық реформасының аясында қолға алынған бастама. Келесі жылы әр аймақ мәслихаты өз бетінше шешім қабылдай бастайды. 2026 жылдан бастап осы салық саласында тағы қандай өзгерістер орын алады?

2026 жылы салық саясаты қалай өзгереді?

Серік Селеубайұлы, тілші:

- 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда тек үш арнайы салық режимі ғана қалады. Біріншісі – жеңілдетілген декларация негізіндегі режим. Оны қолданыстағы бөлшек салық және жеңілдетілген декларация режимдерінің гибриді деуге болады. Бұл режимді қолдану үшін кәсіпкердің жылдық айналымы 2,6 млрд теңгеден аспауы керек. Сол айналымның 4% салық ретінде төлейді. Бірақ өңірлер оны 6 пайызға дейін көтеруі немесе 2 пайызға дейін түсіруі мүмкін.

Жеңілдетілген декларация негізіндегі режим

Салық – 4%

Жылдық айналымы 600 000 АЕК 

Айжан Балакешова, салық кеңесшісі:

- Мөлшерлеме 6 мен 2 пайыз арасында өзгеруі мүмкін. Әр облыс өз бетінше шешеді. Неге? Өйткені бұл салықтар жергілікті бюджетке түседі. Сондықтан әр облысқа өз шығындарына қарай салық мөлшерін белгілеуге мүмкіндік берілген. Осылайша республикалық бюджеттің жүктемесін азайтып, аймақтарға өз қаражатын дербес басқарту көзделген. 

Екіншісі шаруа қожалықтарына арналған режим. Бұл режим өзгеріссіз қалды деуге болады. Фермерлердің барлық жеңілдіктері сақталады. Тек жер салығы мүлік салығына ауыстырылды. Үшіншісі – өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған режим. Оларға енді жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің керегі жоқ. Олар табыс салығынан толық босатылады. Тек айналымының 4%-ын әлеуметтік төлемдер ретінде аударуы керек. Ал интернет-платформалардан табыс тапқан жағдайда төлемдерді ұстау мен аударуды платформа операторларының өздері жүргізеді.

Шаруа қожалықтарына арналған режим

мүлік салығы

Өзін өзі жұмыспен қамтығандарға арналған режим

Мөлшерлеме – 4%

ай сайынғы табысы – 300 АЕК     

Файзирахман Миянов, салық кеңесшісі:

- Курьерлер, жүргізушілер, таксисттер мен патент режимі бойынша салық төлеп жүргендер енді өзін өзі жұмыспен қамтушы боп саналады. Олар жеке табыс салығынан босатылады. Тек арнайы қорларға әлеуметтік төлемдер аударуға міндетті. Сондай-ақ ай сайынғы айналымынан 4 пайызды арнайы қосымша арқылы төлеп отырады.  

Бірақ бұл үш режимді қолдана алмайтындар да бар. Қазір бұл тізімге қырықтан астам кәсіп түрі кіреді. Оның қатарда ойын бизнесі, банк секторы мен бірқатар қаржылық қызметтер бар. 

Серік Cелеубайұлы

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz