RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы әріптестікке 10 жыл

26.11.2025, 09:25 385

Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы кеңейтілген әріптестікке 10 жыл, деп хабарлайды 24KZ. Еуроодақтың жетекші медиа және сараптама алаңдарының бірінде ресми  Астана мен Брюссель арасындағы қарым-қатынас жайы талқыланды.

Бүгінде Еуроодақ Қазақстанның ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі саналады. Тауар айналымы 50 млрд долларға жетіп, еуропалық инвестиция көлемі 200 млрд доллардан асты. Қазақстан Еуропаны энергия ресурстарымен қамтамасыз етуде де маңызды рөл атқарады. Еуроодаққа қажет мұнай импортының 13%-і, уран сұранысының 16%-і Қазақстанға тиесілі. Сонымен қатар Қазақстан Еуроодақ заңнамасына сәйкес анықталған 34 аса маңызды элементтің 21-ін кәрі құрлыққа жеткізе алады. Транскаспий халықаралық көлік бағыты – «Орта дәліз» де назардан тыс қалмады. Азия мен Еуропа арасындағы құрлық транзитінің 85%-ін қамтамасыз ететін 13 халықаралық көлік дәлізі Қазақстан аумағынан өтеді.

Іс-шарада парламентаралық және гуманитарлық байланыстар туралы да айтылды. Елші Еуроодақ елдерінің визалық тәртіпті жеңілдету және реадмиссия жөніндегі келіссөздерді бастау туралы шешімін құптады.

Роман Василенко, Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі:

- Бұл қатынастар өзара тиімді. Олар бізді мықтырақ әрі қуаттырақ етіп, өркендеуімізге себепші болады. Алдағы онжылдықта Қазақстан мен Еуропалық Одақ бұрынғыдан да жақындай түседі деп ойлаймын.

Оливье Арифон, Лилль қаласы Католик университетінің профессоры:

- Транзиттік дәліз өте тиімді. Серіктестер бірге жұмыс істеуге дайын. Бірлескен кәсіпорындар құрылып жатыр. Жүк ағыны шамамен 2,5-3 есе өсіп жатыр. Сондықтан әріптестіктің дамуына басымдық беру – толығымен қисынға келетін шешім.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz