Қазақстан Еуропалық Одақпен ұзақмерзімді серіктестік құруға дайын. Бұл туралы «Еуропалық Одақ – Орталық Азия» үшінші экономикалық форумында Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы Ғалымжан Қойшыбаев мәлімдеді.
Ол Ташкентте өткен жиынға қазақстандық делегацияны бастап барды. Іс шарада көлік және энергетикалық байланысты дамыту, тауар жеткізу тізбектерін нығайту, сондай-ақ цифрландыру мәселелері талқыланды. Форум аясында Халықаралық серіктестік жөніндегі еуропалық комиссар Йозеф Сикеламен кездесуі өтті. Тараптар Қазақстан мен ЕО арасында экономикалық басым бағыттар бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылап, жаңа инвестициялық әрі инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға мүдделі екенін білдірді.
Тегтер #Еуроодақ #экономикалық ынтымақтастық #24KZ #инвестицияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz