Алматы облысының республика бойынша жалпы ішкі өнімдегі үлесі өткен жылмен салыстырғанда едәуір ұлғайып, 5 пайызға жуықтады.
Өндіріс көлемі 108 пайызға артып, 2 триллион теңгеден астам сомаға жеткен. Басым бөлігі өңдеу секторының үлесіне тиесілі. Тиісінше, салаға құйылған инвестиция көлемі де артып, 1 триллион теңгені құраған. Дені логистикалық парк, бетон өнімдері зауыты, көтерме сауда орталығы, ет комбинаты, балмұздақ фабрикасы және агрокешенді кеңейту жобаларына бағытталды. Бұдан бөлек ширек ғасыр бойы күрделі жөндеу көрмеген «Қапшағай-Бақанас-Қарой», «Нарынқол-Сүмбе», «Қарқара-Ереуіл», «Есік-Саймасай», «Алматы-1-Шамалған-Ұзынағаш» және «Алмалыбақ-Жетісу» жолдары жаңартылған.
Марат Сұлтанғазиев, Алматы облысының әкімі:
"Бүгінгі таңда облысқа келген туристер саны 2,2 млн адамға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 36% артты. Құны 83,2 млрд теңге болатын Ақтас үстіртіндегі «Oi-Qaragai» тау-шаңғы курортын кеңейту жобасы жүзеге асырылуда. Іле өзені жағасындағы «Көшпенділер» қалашығы әкімдіктің теңгеріміне алынды. Алдағы уақытта толық жаңартудан өткізу жоспарымызда бар."
Тегтер #Алматы облысы #Ішкі өнім #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz