RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан мен Халықаралық қаржы корпорациясы бірлескен 7 жобаны қолға алған

27.11.2025, 17:27 387

Қазақстан үкіметі мен халықаралық қаржы корпорациясы бірлесіп 7 ауқымды жобаны қолға алған.

Олар энергетика, денсаулық сақтау, білім беру, сумен жабдықтау және көлік-логистика саласын қамтитын жобалар. Сонымен бірге 2,7 трлн теңгенің 1 100-ден астам мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шарттары жасалған.  Бұл туралы үкіметте өткен халықаралық қаржы ұйымдарымен  ынтымақтастық жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында айтылды. Күн тәртібінде экономикаға мультипликативті әсер беретін жобаларға халықаралық қаржы ұйымдарын тарту мәселесі қаралды. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті нығайтудағы бастамалар мен өңірлердің өз бетінше инвестиция тарту белсенділігі қаузалды. Бұдан бөлек көлік әлеуетін одан әрі дамыту, микро, шағын және орта бизнесті қаржылық қолдау жолдары талқыланды. 

Зафар Хашимов, Халықаралық қаржы корпорациясының Қазақстандағы өкілі:

- Премьер-министрдің қатысуымен жаңа форматта өткен халықаралық қаржы ұйымдарымен  ынтымақтастық жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысына қатықанымызға өте қуаныштымыз. Халықаралық қаржы ұйымдары осы бағыттағы жұмыстарға белсене араласып, Қазақстанстандағы бастамаларды қолдап келеміз. Бүгінде қол жеткізілген нәтижеге көңіліміз толып отыр. Дегенмен, әлі де мол мүмкіндік барын көріп отырмыз. Бүгін міне, өзге де қаржылық ұйымдармен бірге Қазақстанның жекеменшік инвестицияны тарту әлеуетін арттыру үшін  құқықтық ортаны жетілдіру мен  институционалды базаны нығайтуға қатысты нақты кеңестерімізді ұсындық.  

Алматыда аурухана салынады

Алматыда жаңа аурухана сыланады. Құрылысқа қажетті қаржыны Еуропалық қайта құру және даму банкі бөлуге бейіл. Бұл жайлы жиында ұйым басшысының орынбасары Асқар Намазбаев айтты. Ол өз кезегінде Қазақстанға салынатын инвестиция көлемін көбейтуге ниетті екенін сөз етті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz