RU
Толық нұсқаға өту

Елдегі базалық мөлшерлеме 18% деңгейінде қалды

28.11.2025, 14:20 388

Елдегі базалық мөлшерлеме 18% деңгейінде қалды. Бүгін Ұлттық Банкі Ақша-кредит саясатының комитеті макроэкономикалық көрсеткіштерді сараптай келе, базалық мөлшерлемені өзгертпеуді ұйғарды.

Өткен айда жылдық инфляция 0,5% баяулаған еді. Дегенмен азық-түлік бағасы 13,5%, ал азық-түлікке жатпайтын тауар бағасы 11% қымбаттаған. Ұлттық Банктің хабарлауынша, сыртқы инфляциялық әсер әлі сақталып отыр. Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешімі 23 қаңтарда сағат 12:00-де жарияланады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz